Placeholder
Новости Казахстана18 марта 2023, 16:45

Елена Рыбакина Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Қазақстандық Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды  Arbat.media.

Отандасымыз жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы  польшалық Ига Швентектен басым түсті. Жартылай финалдық сында Е.Рыбакина И.Швентекті 2:0 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші екі сетте де 6:2 нәтижесімен алға шықты. 

Бұған дейін  Қазақстан теннисшісі Аустралия ашық чемпионатында Ига Швентектен 2:0  (6:4, 6:4) нәтижесімен басым түскен еді.  

Финалда Е.Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен кездеседі. Қос спортшы екі ай бұрын Аустралияның ашық біріншілігінің финалында кездескен еді. Бұл сын Рыбакина үшін өткен ойындағы кеткен есені қайтаруға зор мүмкіндік болып отыр. 

Индиан Уэллс жарысының финалына Е.Рыбакина алғаш рет шығып отыр. Аса беделді саналатын бұл жарыстың жүлде қоры 8,8 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Бұған дейін қазақстандық теннисшінің аталған турнирдің жартылай финалына шыққаны белгілі болған еді

 

 

 

Елена Рыбакина Индиан Уэллс WTA 1000 Теннис спорт

Популярное:

Новости по теме