Placeholder
Новости Казахстана14 марта 2023, 21:53

Қазақстандағы нашақорлар саны ресми статистикадан 5 есеге дейін көп – Марат Ахметжанов

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстандағы нашақорлар саны ресми статистикадағы көрсеткішктен жағдайда алшақ екенін мәлім етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Үкімет отырысында министр нашақорлардың белгілі нақты саны есепке алынбағанын атады.

Бүгінде нашақорлардың нақты және сенімді есебі жоқ. Сарапшылардың пікірінше, олардың нақты саны ресми деректерден кемінде 5 есе көп. Сондықтан, толыққанды есепті қалыптастыру үшін мәліметтерді әртүрлі дерекөздерден алу қажет», - деді М.Ахметжанов. 

ІІМ басшысы денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың бірнеше санатына есірткіге қарсы скринингті міндеттеу туралы ұсынысын қолдайтынын айта келе, жасөпірімдерді де өткізуді ұсынды.

Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, есірткі қолдану фактілері тіпті оқушылар қатарынан анықталып жатыр. Сондықтан болашақта скрининг өткізу жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қоғамның нашақорлық деңгейін объективті түрде бағалауға және есірткіге тәуелді адамды, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол Үкімет отырысында.

Министр биоматериалдардан есірткі анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын атады. Тек мұндай мәліметтер жасөпірімдердің ата-анасына жіберілмек. 

 

Марат Ахметжанов министр ІІМ Нашақорлық

Новости по теме