Екінші рет үйленген Илья Ильиннің әйелінің беташары эфирде өтті
26 января 2023, 8:10/ Важное в Казахстане

Екінші рет үйленген Илья Ильиннің әйелінің беташары эфирде өтті

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтеріп, беташар рәсімі отандық арналардың бірінің эфирінде өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

"Хабар" арнасының таңғы бағдарламасына келген ауыр атлеттің жұбайының бетін айтыскер ақын Бек Шматов ашты. Эфирде өткен рәсім спортшыға ерекше әсер қалдырған. Астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен шаңырақ көтерген Ильин беташар туралы ой білдірді.

Шынымды айтсам, мен өте риза болдым! Қазақстан халқының қолдауын сезіндім, шынында да елімнің ұлы екенімді сезіндім! Осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындадық. Ал сіздер тамашалап, жас отбасымызға ақ бата берсеңіздер, жаңа шаңырағымызға ақ жол тілеп жатсаңыздар, қатты қуанамыз! Биылғы жылдың 12 қаңтарында Таня екеуміз мемлекет алдында некемізді заңдастырдық, бүгін қазақтың салт-дәстүрі бойынша жүрегімізге мөр бассақ, сәуір айында Құдайдың алдында неке байлауымызды бекіткіміз келеді! Баршаңызға шынайы құрметтерініңіз бен қолдауыңыз үшін тағы мың да бір рахмет айтамын! Мен үшін бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе, - деп жазды Илья Ильин.

 

Спортшы оқырмандарына махаббат, түсіністік және байлық тілей отырып, құттықтауларға алғыс білдірді.

Илья Ильин бұған дейін гандболдан ұлттық құрама мүшесі болған Наталья Ильинамен шаңырақ көтерген болатын. Екі спортшының ортақ некеден Милана есімді қызы бар. Оның тойы 2012 жылы Лондон Олимпиадасынан кейін Алматыда дүркіреп өткен еді. Алайда бұл отбасының ғұмыры араға бес жыл салып ажырасумен аяқталды.

Илья Ильин ауыр атлетикадан 17 жасында ересектер арасында әлем чемпионы атанған спортшы. Ол әлем біріншігін төрт рет ұтумен қатар, Азия Ойындарында екі рет топ жарды. Сондай-ақ, Бейжің және Лондон Олимпидасында чемпион атанып, ауыр салмақты көтеру бойынша рекорд орнатқан еді. Алайда 2016 жылы оның допинг сынамасы күдікке ілінініп, кейін Халықаралық Олимпиада комитеті оның жетістігін жоққа шығарды.

 

 

 

Илья Ильин Ауыр атлетика Неке Беташар

Новости партнеров

Другие статьи по теме