Placeholder
Новости Казахстана21 декабря 2022, 19:11

Екібастұздағы апатқа кінәлілер 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Екібастұздағы жылу электр стансасында болған апаттан кейін Павлодар облыстық прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды arbat.media.

Қараша айының соңында Екібастұз қаласындағы жылу электр стансасындағы апат салдарынан жүзге жуық көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылу жүйесінен ажырап қалды. Оның ішінде 123 тұрғын басқа жерге көшірілген. Соныме бірге, мектептер қашықтықтан оқытуға көшіп, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

30 қарашада Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция, Экономикалық тергеу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттері қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылған. Сонымен бірге, Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы белгіленді. 

Екібастұздағы апаттан кейін көп ұзамай үкімет жанын комиссия құрылған болатын. Төтенше оқиғағадан кейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды. Сондай-ақ, жылу электр стансасының 33 жастағы учаске бастығының мәйіті өзінің жеке көлігінен табылған еді. 

 

Екібастұз Апат Жылу құбыры Прокуратура

Новости по теме