Placeholder
Новости Казахстана20 марта 2023, 20:27

Дзюдодан Грузия Grand Slam турнирінде күресетін Қазақстан құрамасы анықталды

24-26 наурыз күндері Тбилисиде дзюдодан өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысатын сынға ұлттық құрама қатысатынын мәлімдеді. 

Грузиядағы айтулы турнирде ел атынан 24 дзюдошы күреседі деп күтіліп отыр. Олардың қатарында әйелдер құрамасында Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (екеуі де 48 кг), Толғанай Әбеуова, Гауһар Ермағамбетова (екеуі де 52 кг),  Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг),  Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы (екеуі де 70 кг), Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова (екеуі де +78 кг) сынды балуандар күреседі. 

Ерлер санатында Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан (екеуі де 60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді (екеуі де 66 кг), Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов (екеуі де 73 кг), Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар (екеуі де 81 кг),  Дидар Хамза, Айдар Арапов (екеуі де 90 кг), Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас (екеуі де 100 кг) белдеспек.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Турнир жеңімпазы 1000, күміс жүлдегерге – 700, үшінші орын алған спортшы 500 ұпай еншілейді. 

Дзюдо Grand Slam Грузия Қазақстан

Новости по теме