Placeholder
Новости Казахстана2 февраля 2023, 16:05

Болат Назарбаевқа қатысты 300 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті

Болат Назарбаевқа қатысты компаниялардың иелігінде болған 300 мың гектарға жуық жер мемлекет меншілігіне қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған болатын.

«АМАNАТ» партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! "Бармақ басты, көз қыстымен" жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр, - деді Ерлан Саиров.

Оқи отырыңыздар: 

Бұған дейін Парламент Назарбаевтар отбасына қатысты заңды қараған болатын. 2022 жылдың маусым айында өткен референдумнан кейін Назарбаевтың ерекше мәртебесі қайта қаралып, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылған еді. 

 

Болат Назарбаев Жер мемлекет меншік

Новости по теме