Placeholder
Новости Казахстана19 декабря 2022, 22:43

"Басты айналдымаңдар!". Депутат Жаңбыршин министр Мусинге қатаң ескерту жасады

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет мүшелерінің бірін сынға алып, ескерту жасады, деп хабарлайды arbat.media.

Үкімет сағаты кезінде Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусиннің депутаттарға берген жауабы Еділ Жаңбыршинге мүлдем ұнамады. Ол бірден министрге ескерту жасап, дайындалып келу керектігін ескертті.

"Сіз асықпай-аптықпай қысқа және нұсқа жауап беріңіз. Біздің уақытымызды алмаңыз. Бұл жерде ешкім ойнап отырған жоқ. Нақты сұрақ берген кезде нақты жауап беріңіздер. Не зат мынау? Басын бастайсыз — аяғы жоқ. Адамның басын айналдырмаңдар", - деді Еділ Жаңбыршин.

Бағдат Мусинді қыспаққа алған депутаттар одан байланыстың нашарлығын және ғаламтордың сапасының тым төмендеп кеткенін сұраған. Алайда министр мұндай мәселенің барлығы 2027 жылға дейін толық шешілетінін айтып құтылды.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкімет мүшелеріне үнемі ескерту жасаумен есте қалып келеді. Ол бұған дейін бірінші вице-премьер Роман Склярға шүйліккен болатын. Таяуда ғана ескі жүйеден құтылу керектігін алға тартып, «шалдың жүйесі» туралы жазба жариялаған еді. 

Алайда желі қолданушылары депутаттың бір жыл бұрын жариялаған елбасы туралы жазбасын көрсетіп, оны бастапқы сөзінен айнып қалған адам ретінде сынға алды. Алайда депутаттың өзі бұған пікір білдірсе, кейбір әріптестері оған қарсы ақпараттық шабуыл басталып кеткенін мәлімдеді.

Еділ Жаңбыршин Бағдат Мусин депутат министр

Новости по теме