Placeholder
Новости Казахстана10 марта 2023, 16:58

Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті

Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының иелігіндегі мүліктің бір бөлігі Қазақстанға берілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Үкіметтің Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысында  қосымшаға сәйкес мүлік Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдануы туралы жазылған. 

Аталған құжатта  Қазақстан меншігіне 11Ф647М "Экран-М" ғарыш аппараты (зауыттық нөмірі 79432117), оның құрамдас және жинақтаушы бөліктері (1 дана, 1991 ж. шығарылған), 11Ф639.М0000-0-01 құрастыру-қорғау блогы (зауыттық нөмірі 53781711), оның жинақтаушы элементтері және қосалқы құрал-саймандары мен құрылғылары (1 дана, 1993 ж. шығарылған), 11Н6110 объектілерді сынау жүйесі (1 дана, 1991 ж шығарылған), 8Г012М1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған), 8Г013Э1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған).мүліктері өткізілгені айтылған.

Байқоңыр Ресей Қазақстан Мүлік

Новости по теме