Placeholder
Новости Казахстана30 мая 2023, 13:30

Аюсайда үш туристті құтқарушылар аман алып қалды

Алматыдағы Аюсай шатқалында хабарсыз кеткен үш туристті құтқарушылар аман құтқарды, деп хабарлайды Arbat.media.

29 мамыр күні түнгі сағат 01.06-да ТЖМ РЖҚЖ-на Алматы қаласы ТЖД-нан Аюсай шатқалында ер адам жоғалып кетті деген хабарлама келіп түскен. Жоғалған адамдармен  байланысу мүмкін болмаған әрі оларды нақты қай жерде жүргенін анықтау қиынға түскен. Ал олардың іздеген туыстары үш адамнан тұратын туристер тобы әлеуметтік желіде бір - бірімен хабар алысып, Алмарасан шатқалынан бастап, одан әрі Проходное шатқалынан - Аюсай шатқалына дейінгі бағыт бойынша тауға кеткенін атады. Алайда кеш түскенше туристер үйлеріне оралмаған.

Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп жолға шықты. Сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеуге кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастады, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті. Таңертең ер адамның туыстары қоңырау шалып, бәрі жақсы екенін хабарлады, туристтік топ тауда түнеген. Қазір олар үшінші сарқырама арқылы Аюсай шатқалына жол тартты деді.

Біраз уақыттан кейін жоғалғандардың бірі жұбайына, дұрыс жолмен төменге түсіп жатқандарына сенімді емес екендіктерін хабарлап SMS-хабарлама жібереді. Құтқарушылардан төменге түсуге көмек сұрайды.

Сағат 15.30-да құтқару бөлімшесінің басшысы жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылып, жедел топ туристтермен көлікке қарай түсіп бара жатқандығы туралы ақпарат берді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Нәтижесінде үш адам, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды, - деді ТЖМ-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Аюсайда шетелдік турист қайтыс болған еді. Республикалық жедел-құтқару жасағы 21 мамыр күні 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кетіп, ұзақ уақыт хабарсыз кеткеннен кейін іздеуге кіріскен. Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған еді.

Аюсай Құтқару ТЖМ

Новости по теме