Placeholder
Фото: stan.kz
Новости Казахстана7 апреля 2023, 18:12

"Ауыл" партиясы: Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайды

"Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаев партия мүшесі Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлдарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған оқиғадан кейін депутат Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма деген сұрақ көпшілікті мазалаған.

Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы орайда фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, оның жеке басына қатысты аталған істе ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек, - деді "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі.

Еске сала кетейік, кеше мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың екі ұлы шартты түрде бес жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

сот депутаттық мандат Ауыл партиясы Жигули Дайрабаев

Новости по теме