Placeholder
Новости Казахстана9 марта 2023, 16:23

Атыраулық полицейлер 2,5 мың ақбөкен мүйізін тәркіледі

Атырау облысы ПД қызметкерлері 2,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media 

Өңірдегі арнайы рейд кезінде күдікке ілінген үш азаматтан жалпы салмағы 500 келіден асатын киік мүйізі тәркіленген.

Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында 2421 дана ақбөкен мүйіздері табылды. 1991, 1987 және 1986 жылы туған күдіктілер ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард 264 миллион теңгені құрап отыр. ҚР ҚК 339 - бабы 1 - бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 📢 Спикер: Талғат Әмірханов Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі

Бұған дейін полицейле Батыс Қазақстан облысында полицейлері 465 дана киік мүйізін тәркілеген болатын. Сондай-ақ Қызылорда облысында 26 киік атқан тұрғын ұсталған еді.

Киік мүйізі полиция Атырау облысы Қылмыс

Новости по теме