Placeholder
Новости Казахстана7 декабря 2022, 22:49

Атырауда шарасыз қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

Атырауда жасөспірім қызды көлікте зорламақ болған ер адам оқиға орнында ұсталды. Ол шарасыз қызды пайдаланып кетпек болған, деп хабарлайды arbat.media.

Белгілі болғандай жасөспірім қыз церебралды сал дертіне шалдыққан екен. Оның анасы жаттығуға алып бара жатқан кезде қыз көлікте ұйықтап қалған. Сол сәтте шешесі дүкенге кіріп кеткенде автомобильге белгісіз ер адам еніп, ішіндегі қызымен бірге алып кетіпті. Көлігін ұрлатқан әйел бірден полицияға хабар берген.  

"Авангард ықшамауданында ер адам Renault Duster-ді ұрлап әкетті. Осылайша көпқабатты үйлердің ауласына жасырынып, көлік ішінде13 жастағы жасөспірімді зорламақ болды. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдері жедел әрекет етуі нәтижесінде қылмыскер бірден ұсталды", — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі. 

  Оқиғадан соң бір күн өткенде желіде педофилдің көліктің жүксалғышында жартылай жалаңаш отырған бейнежазбасы тарады. Онда шектен шыққан ер адам өзінің жымысқы ойын жүзеге асыруға енді оқтала берген сәті байқалады. Алайда полиция жасағаны оның ойын жүзеге асырып үлгертпестен оқиға орнында қолға түсірді. 

 

Атырау Зорлық педофил полиция

Новости по теме