Placeholder
Фото: pixabay
Новости Казахстана30 апреля 2023, 3:46

Атырауда концерт кезінде екі жүзге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалған

Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды Arbat.media.

Мұнайшылар қаласында эстрада жұлдыздарының қатысуымен 28 сәуір күні гала-концерт өткен. Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскені белгілі болды.

Оның 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталған көрінеді. 

Атырау концерт Бала

Популярное:

Сегодня, 9:57 Новости Казахстана
Сегодня, 11:19 Новости Казахстана
Сегодня, 12:26 Новости Казахстана

Новости по теме