Placeholder
Новости Казахстана4 апреля 2023, 16:47

Атырау облысының тұрғыны киік мүйізін жерге көміп жинаған

Атырау облысында полицейлер аудан тұрғынынң үйін тінту кезінде жерге көмілген А137 дана заңсыз киік мүйізін тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 жылы туған азаматты тексерген. 

Аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркілеген. ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды, деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Соңғы уақыттары киік мүйізінен пайда табуды көздегендер қатары артқаны байқалдады. Бұған дейін еліміздің Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары аулауға тыйым салған дала жануарын аулау деректері жиі тіркелуде. 

Бұған дейін Қызылорда облысында 26 киік атқан өңір тұрғыны ұсталған еді. Арал аудандық Полиция басқармасы және "Охотзоопром" мекемесілері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 киік мүйізіншаруашылық құрылыста жасырғаны анықталды. Кеше Қызылорда облысының тұрғынынан жүз келіден астам киік мүйізі тәркіленгені белгілі болды

Атырау облысы Киік мүйізі Заң полиция

Новости по теме