Placeholder
Новости Казахстана24 января 2023, 16:56

Асылып өлген сарбазға қатысты құпияны айтқан қорғаушы қызметтік этиканы бұзды деп айыпталды

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың өлімінен кейін адвокат Сержан Пірәлиев жасаған жантүршігерлік мәлімдеме жасады. Енді құқық органдары оны заңмен жазаға тартпақ, деп хабарлайды Arbat.media

20 қаңтарда заңгер Сержан Пралиев әскерге шақырылушынының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізген. Қорғаушы ДНК талдау кезінде анықталған деректерге тергеушілердің ерекшеназар аударуын сұраған болатын. Сонымен бірге, ол сарапшылар марқұмның аузынан ер адамның биоматериалын тапқанын да атады.

С.Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге қылмыстық-процестік кодектiң 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды, - деп жазылды ІІМ телеграм-арнасында. 

Еліміздің Ішкі істер министрлігі аталған жағдайға байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркелгенін айтып, Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданғанын жариялады.

 

суицид Сарбаз Адвокат полиция

Новости по теме