Placeholder
Новости Казахстана30 мая 2023, 22:31

Астанада оқушыларға сабақ өтпеген мектеп директоры жұмыстан қуылды

Елордада мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектеп басшысы қызметімен қош айтысты. 

Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқармадан арнайы жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған, - деп жазылған басқарма ақпаратында. 

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектеп директоры "Абайтану", "Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы" және "Жаһандық құзыреттілік" сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алғанымен, ешқандай сабақты өткізбегені анықталды. 

 

 

 

Астана Мектеп мұғалімі Сабақ

Новости по теме