Placeholder
Новости Казахстана5 марта 2023, 18:31

Ақтөбе облысында оқушы жүргізген көлік жол апатына ұшырап бір адам қайтыс болды

Ақтөбеде оқушылар жол-көлік апатына түсіп, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Қайғылы оқиға 4 наурыз күні кешкілік Шалқар-Бозой тасжолында  болып, оқушы баланың Toyota Land Cruiser автокөлігін дұрыс басқара алмау салдарынан орын алған. 

Салдарынан бір бала оқиға орнында қаза болып, төртеуі ауруханаға түсті. Ата-аналар, әр баланың өмірі қымбат екенін ескеріп, көлікті балаларға бермеуді сұраймыз,- деді Шалқар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілгенін мәлімдеді. Ол ашық бас-ми жарақатын алып, миына қан құйылған. Дәрігер оның жағдайыының өте ауыр екенін айтып отыр. 

2008 жылы туған екі баланың да аяғы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Ал бір бала жеңіл жараланып, амбулаториялық бақылауға алынды»,- деп хабарлады Бекболат Ізбасаров.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан бір үйдің төрт адамы қайтыс болған еді. Әйтеке би ауданында болған қайғылы жағдай кезінде әкесі үш баласымен бірге бақиға аттанған болатын. 

 

Жол апаты Ақтөбе облысы өлім полиция

Новости по теме