Placeholder
Новости Казахстана1 февраля 2023, 17:38

Ақтауда үстіне жоғары қабаттан жиһаз құлаған тұрғынға ота жасалды 

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған тұрғынға ота жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Желтоқсан айында Ақтаудағы тұрғынүйлердің бірінің алтыншы қабатынан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азамат оқыс оқиға салдарынан ауыр зардап шеккен еді. Оқыс оқиғадан оның аяқ-қолы істемей қалған. 

Яғни  омыртқасы  толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақты ауыр жағдайда. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр",-деді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.

Дәрігерлер алдағы уақытта науқастың бөлімшеге шығарылу мүмкіндігі жоспарланып отырғандығын мәлімдеді. 

Ақтау Оқыс оқиға Операция Денсаулық

Новости по теме