Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 13:28

АҚШ-тың Монтана штатында TikTok-қа шектеу енгізілді

АҚШ-тың Монтана штаты TikTok әлеуметтік желісіне заңды түрде тыйым салды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл АҚШ-та алғаш болып шектеу қойылған аймақ болып отыр. Аталған заңға штат губернаторы Грег Джанфорте қол қойғаны белгілі болды.

Монтана тұрғындарының жеке деректерін Қытай коммунистік партиясынан қорғау үшін мен Монтанада TikTok-қа тыйым салдым, - деп жазды ол Twitter-дегі ресми парақшасында. 

Аталған тыйым 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енбек. Сол күннен бастап Google және Apple онлайн дүкендерінде  Монтана штатының аумағында TikTok-ты жүктеуге тыйым салынбақ. 

Айта кететін бір жайт, аталған платформаны пайдаланып жүргендерге санкциялар салынбайды.

TikTok АҚШ Монтана

Новости по теме