Placeholder
Новости Казахстана23 декабря 2022, 16:34

Қызылордада аққуды айырмен шаншып өлтірген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында полиция суда жүрген аққуды айырмен шаншып өлтірген тұрғынды анықтады. Атаған оқиға осыдан 9 жыл бұрын болған, деп хабарлайды arbat.media.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысының полиция департаментімен жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілгені мәлім болды. Өзенде аққуды айырмен шаншып ұстаған жігіт оны қуырып жейтінін айтқан. Алайда бұл оқиға осы күнге дейін полиция департаментіне тіркелмеген.

22 желтоқсанда жарияланған бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Полиция бөлімімен «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріш алқабы каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды, - деп хабарлады ІІМ әлеуметтік желідегі ресми парақшасы. 


Енді тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығатын болады.

Аrbat.media. бұған дейін Қызылорда облысында аққуды өлтірген жігіт туралы жазған болатын. Онда балыққа барған адамдар тобы аққуды үйрек деп атап, ұзақ уақыт қуып жүріп ұстағанын айтқан еді.

Аққу Қызылорда облысы полиция Бейнежазба

Новости по теме