Placeholder
Новости Казахстана2 марта 2023, 18:20

Ақмола облысының тұрғынынан ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі атыс қаруы табылды

Полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ баспасөз қызметі Ақмола облысында арнайы іс-шара кезінде соғыс кезінде қолданылға пулемет-тапаншасын тапқан. 

"Мал ұрлығы" ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі. Ақмолалық азамат ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты. Қаруды заңсыз сақтау дерегі қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тексеру кезінде "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалған, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сексен жыл бұрын шыққан қарудың шын мәніндегі қарапайым тұрғынға қалай тап болғаны көпшілік үшін қызық болары анық. 

Қару Ақмола облысы полиция

Новости по теме