Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 13:25

Алматыда 19-қабаттан құлаған қызға қатысты тың дерек жария болды

Алматыда 19-қабаттан секіріп кеткен 23 жастағы қыз оқиға кезінде бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Arbat.media КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір марқұм бойжеткеннің өлімін полиция тергеу үстінде.  Телеарна мәліметі бойынша төменге құлаған ару қара аяқ киімін, көк оттығы мен телефонын жоғарыда қалдырып кеткен.

Ол оқиға болған күні сағат 13:50 шамасында тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан секірген көрінеді. Ал қайғылы жағдай болған жерге полиция көп ұзамай келген. Мәйіт жатқан жерге құм сеуіп тастаған. Ал бақылау камерасына жауапты мамандардың дерегіне сәйкес марқұм Брусловский көшесі жақ бағыттан келіп, ары қарай лифтімен жоғары көтеріліп кеткен..

Лифтідегі камераны да қарап шықтық. Ол жалғыз өзі көтерілген. Дәлізге қалай кіргенінен бастап бәрі анық көрінеді. Бұл үйдің тұрғыны ма, әлде сырттан келген бе, ол жағын білмедік, - дейді бақылау камерасына жауапты маман Тахир Шынболатов.

Тергеуге байланысты бақылау камерасының бейнежазбасы әзірге жарияланбады. Дегенмен осы кешеннің тұрғындары ол әңгімені айна-қатесіз қайталап тұр. 

Полиция суицидке барған В.есімді арудың жасы 23 те болғанын және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалғаны мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Алматы суицид өлім

Новости по теме