Placeholder
Фото: istockphoto
Новости Казахстана26 мая 2023, 19:15

Алматы лауазымды қызмет атқарған мемлекеттік қызметкер 4 жарым жылға сотталды

Алматыда Медеу аудандық сотының № 2 шешімімен Алматы спорт басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Байсейітов 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Байсейітов пен оның қарамағындағылар 367 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр. Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысына сот 4 жарым  жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқарудан шеттетілді. Басқарманың бұрынғы басшысынан басқа оның қарамағындағылар 3 жылдан 3 жарым жылға дейін сотталып отыр.  Сонымен қатар, "Qazaq Sport" ЖШС директоры Ержан Мұхаманов сот шешімімен 7,5 жыл жазасын тәртіп түзеу мекемесінде өтейтін болды. 

Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 367 миллион теңге ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері 2023 жылдың қаңтарында аяқталған болатын. 

Алматы Спорт басқармасы сот

Новости по теме