Placeholder
Новости Казахстана14 февраля 2023, 21:20

90 киіз үй тиеген ұшақ Қазақстаннан Түркияға жол тартты

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Қазақстан 90-ға жуық киіз үй ұшақпен жіберілді. Бұл туралы қайырымдылық тобы жетекшілерінің бірі Нұрбек Бекбау жазды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Оның жазуынша, Қазақстаннан жіберілген киіз үйлер ұшақ арқылы Түркияның Адана қаласына бүгін жеткізіледі. Сондай-ақ, ол қырғыздардың неліктен елден бұрын киіз үйді жеткізіп, құрып үлгергенін айтты.  
90-ға таяу киіз үйді тиеп ап, көп күткен ұшағымыз келе жатыр. Картаға қарап, бағып отырмыз. Сағат 13:00 Аданаға қонады да, жүктерді Қаһарман Марашқа алып келеміз. Иә, қырғыз бір туғандар бізден бұрын боз үйлерін әкеп, тігіп қойды. Неге Олар бірінші болды? Өйткені, біздер бозүйге жылу ашып, жинап бастағанда; Қырғыз Президентіне, депутаты ұсыныс айтты. “Біз де 100 киіз үй апарайық”,-деп. Президенті бірден тапсырма берді. Арнайы ауыр ұшақ дайындатып, оған киіз үйлерді тиеп, Түркияға әкеле қойды, - деді Нұрбек Бекбау. 
Бастама иесі мемлекеттік деңгейде шешілетін қыруар жұмыста 3-4 адам атқарған атап өтті. Сондай-ақ, қажетті киіз үйлерді тапқанымен, оны жеткізу мәселеге айналған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)

Ал біз ше? “100 киіз үй” науқанының басы-қасында жүрген шөкімдей-ақ, қарапайым азаматтардан құралған топпыз. Бірақ, басқалар мемлекеттік деңгейде қолға алған шаруасын, 3-4-ақ адам боп орындай алдық. Киіз үйлерді тез жинадық. Ал ұшақ мәселесі қып-қызыл мәселе болды. ЭйрАстанаға шықтық, обалы не керек, үлкен жүк ұшағымыз жоқ, - деп олар жағдайын айтты. ТЖМ тек ақпанның 20-ларында киіз үйлеріңді әкете аламыз. Сол кезде, төтеншенің сарбаздарын әкетуге барамыз. Ұшағымыз бос кетпесі үшін, тиеп алып кете аламыз, - деді. Алайда ол кез тым кеш болатын еді. Содан Түркиш Эйрға, КАРГО ұшақ берсеңдер, - деп өтінішпен шықтық. Келістік. Ол бойынша: Жұма яки сенбі киіз үйлерді тиеп, әкелуі керек болған. Бірақ, біз жәй азаматтармыз. Мемлекеттік деңгейдегі шенеунік емеспіз. Сондықтан, Түркиш Эйр — Түркияға шұғыл зат әкелу керек боп, әлемнің әр бұрышына Каргосын айдап кетіп жатты. Бізге “қолы тимей кетті”. Егер біздің жүкті Түркияға жеткізу — мемлекеттік деңгейде қолға алынса еді, сенбі күні ақшаңқан қазақ үйлер жайнап тұрар еді. Бар себеп осы ғана. Қырғыздар өз ұшағымен әкелді. Біз біреудікін сұрап алып жатырмыз. Енді міне, сағат 13:00 Аданаға қонады, - деді Нұрбек Бекбау. 
Ол өз жазбасында жер сілкінісінен зардап шеккен түрік жеріне қырғыз я қазақтың бірінші болып киіз үй апаруын аса маңызды емес деп атады. Сонымен, бірге, бүгін кешке апат аймағында Қазақстанан жеткізілген киіз үйлер тігілмек. 
Arbat.media бұған дейін Қазақстаннан Түркияға киіз үйлер жіберілетіні туралы жазды. Сондай-ақ, алғаш болып жеткізілген бірнеше киіз үй апат аймағында құрылған болатын. 
түркия Жер сілкінісі Қоғам Киіз үй

Новости по теме