Placeholder
Евразия9 марта 2023, 16:59

Ресейлік журналист Ташкентте жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ресейлік журналист Александр Нечаевтың Ташкентте белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media

Gazeta.uz-дың жазуынша, оның әріптестері марқұмның байланысқа шықпай қалуынан кейін ол Ташкентте жалдап тұрған пәтерге таныстарын жіберген. барған.  

36 жастағы журналистің Ташкентте денесі табылғанын ресейлік БАҚ-қа Өзбекстан прокуратурасы мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта Ташкенттің Мырза-Ұлықбек аудандық прокуратурасы өлімге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. 

 Александр Нечаев бұған дейін Ресейдің "Комсомольская правда" басылымында қызмет атқарған. Ол Ташкентке бір айға уақытша тұра тұруға барған. Марқұм соңғы рет өзінің жақын танысы Денис Корсаковпен сөйлескен.

"Дүйсенбіде ол мессенджердегі хабарламалар мен қоңырауларға жауап бермей қойды. Кешке ол кино бизнесі туралы ең ірі Профильді басылым — "Кинопрокатшы бюллетені" журналының нөмірін тапсырған жоқ (ол бас редактор болған). Мұндай жағдай бұған дейін ешқашан болған емес. Саша жұмысына өте жауапкершілікпен қарайтын. Сейсенбіде журналистер Ташкентте тұратын таныстары арқылы оның жағдайын тексере алды. Олар үй иесі мен полициямен бірге жалдамалы пәтерге келгенде ресейлік журналистің қайтыс болғанын білді. Қазір өлім себебі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша жүрек талмасынан қайтыс болған болуы мүмкін", - деді ол.

 

ташкент Ресей өлім Журналист

Новости по теме