Placeholder
https://g.delfi.lt
Евразия16 февраля 2023, 16:31

Ресей Украинамен соғыс басталғалы бері әскери техникасының жартысынан айырылды

Ресей әскері Украинадағы соғыс бастағалы бері Т-72Б3 және Т-72Б3М танктерінің жартысын жоғалтқан. Мұндай деректерді халықаралық стратегиялық зерттеулер институты мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (IISS) "Әскери тепе-теңдік" есебі бойынша, Ресей әскері Украинадағы соғыс кезінде Т-72Б3 және Т-72Б3М танктерінің шамамен 50 пайызын, сондай-ақ көптеген Т-80 танктерінен айырылды. Бұл танктер Ресей Қарулы күштерінің негізгі танкілері болып саналған. 

2023 жылдың ақпан айында Ресейдің бронды машиналар паркі негізінен қоймалардан қайтарылған ескі техникадан құралған. 

Сонымен қатар, сарапшылар Ресейдің алдыңғы қатарлы авиациясының шығындарын 6-8 пайызға бағалады. Ал Су-24М бомбалаушы ұшақары мен Су-30СМ көп мақсатты дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтары сияқты кейбір шығындары 10-1 пайызды құрайды. Ресейдің ВКС, сонымен қатар көптеген Су-25 және Су-34 ұшақтарынан айырылды.

Салыстырмалы түрде, сарапшылардың пікірі бойынша Украина өзінің алдыңғы қатарлы жауынгерлерінің жартысына жуығынан айырылған.

Айта кету керек, жақында Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресей армиясы күштерінің 97% қазір Украина жеріндегі соғыста екенін атады. 

Тhe New York Times бұл ретте америкалық және басқа батыс шенеуніктерінің Ресей әскері 200 мыңға дейін қаза тауып, жараланған болуы мүмкін деген мәліметтерін келтіріп отыр. 

 

Ресей Украина Соғыс Әскери техника

Новости по теме