Placeholder
Евразия9 февраля 2023, 21:52

Украинаның Луганск облысына Ресей әскері шабуылдай бастады

Украинаның Луганск облысында Ресей әскерлерінің шабуылы басталды, деп хабарлайды Arbat.media Вашингтондағы соғысты зерттеу институтына сілтеме жасап. 

Институт ашық дереккөздерді зерттей отырып, осындай қорытындыға келген. ISW шабуылға 144-ші және 3-ші мотоатқыштар дивизиясының бірнеше полкінің бөліктері қатысатынын, сондай-ақ оларды 76-шы десанттық дивизия мен Оңтүстік әскери округтің анықталмаған бөлімшелері қолдайтынын атаған. 

ISW  шабуыл дерегі Ресей Федерациясы әскерлерінің жетістігін білдірмейтінін жазады. Қалай болғанда да, сарапшылар Ресей әскері өткен жылдың тамызында жоғалған бастаманы ұстап алды деп санайды. Украина оны тірі күш пен техниканың жинақталған резервтері күйрегеннен кейін қайтара алады.

ISW мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясының әскерлері аса күшті қарқынға жеткен жоқ және барлық резервтерді тартпаған. Британдық барлау қызметі алдағы апталарда Ресей күштерінің өсуі болмайтынын атап отыр. 

6 ақпанда Ресей Украинаға "жақын күндері"ауқымды шабуыл жасайды деген ақпарат пайда болған еді. 

 

Ресей Украина Соғыс Әскер

Новости по теме