Placeholder
bbc.com
Евразия14 марта 2023, 20:20

АҚШ-та лаңкестік жасаған өзбекстандық азамат өмір бойын сотталды

Алты жыл бұрын Нью-Йоркте лаңкестік жасап, сегіз адамның өмірін қиған Өзбекстан тумасы Сайфулло Саипов АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

ВВС-дің жазуынша, С.Саипов 2010 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, 2017 жылы жүк көлігімен велосипед жолындағы  адамдарды қаққан еді. Қайтыс болғандардың арасында Аргентинадан келген бес адам болған. Сонымен бірге, тағы 12 адам жарақат алып, полицейлер Саиповты оқ атып қолға түсірген. 

Тергеу кезінде Саипов "Ислам мемлекеті" жиһадтық тобының атынан әрекет еткенін мойындаған. 

Айыпталушының соты Джо Байденнің президенттігі тұсындағы алғашқы федералды сот отырысы болды. Істі қарау барысында сотан прокурорлар Саиповты өлім жазасына кесуді сұраған. 

Алқабилер Саиповты кінәлі деп тауып, өмір бойынша бас бостандығынан айырды. Енді Сайфулло Саипов қалған өмірін АҚШ-тың Колорадо штатындағы федералды түрмесінде өткізетін болады. Айта кететін бір жайт, аталған түрмеде он жыл бұрын Бостан марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырған Джохар Царнаев жазасып өтеп жатыр. 

 

Сайфулло Саипов АҚШ Лаңкестік сот

Новости по теме